قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: رَغِمَ أَنْفُهُ ثُمَّ رَغِمَ أَنْفُهُ ثُمَّ رَغِمَ أَنْفُهُ قِيلَ: مَنْ يَا رَسُولَ اللهِ؟ قَالَ: مَنْ أَدْرَكَ وَالِدَيْهِ عِنْدَ الْكِبَرِ أَحَدَهُمَا أَوْ كِلَيْهِمَا ثُمَّ لَمْ يَدْخُلِ الْجَنَّةَ. (م)
Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Өз обалы өзіне, өз обалы өзіне, өз обалы өзіне!" - дейді. "Уа, Расулалла, кмге айттыңыз?"- деп сұрайды. Сонда Ол (с.а.у.) : “Анасы мен әкесінің немесе екеуінің бірінің жасы келген шағында қасында болып (оларға қызмет етіп) жәннатқа кіре алмаған адамның (өз обалы өзіне)” -дейді. (Сахих Мүслім)
Табиғиннің кейбірі былай деген: “Кімде-кім ата-анасы үшін күніне бес рет дұға етсе, oлардың қақысын өтеген болады”.
Расында бұл дұғаны намаз үстінде “Раббәнә” дұғаларын оқып жасауға болады.
Бұл дұғалардың мағыналары былай: “Уа, Раббымыз, біздерге дүниеде және ақыретте жақсы жай бер және жаһаннам азабынан сақта. Уа, Раббымыз, есеп беру күні келгенде мені, ата-анамды және мүміндерді кешіріме бөле”.