ҚАСИЕТТІ ДІНІМІЗДІҢ БЕДЕЛІН ҚАЙТСЕК САҚТАЙМЫЗ!

ҚАСИЕТТІ ДІНІМІЗДІҢ БЕДЕЛІН ҚАЙТСЕК САҚТАЙМЫЗ!

774
1 мин
ҚАСИЕТТІ ДІНІМІЗДІҢ БЕДЕЛІН ҚАЙТСЕК САҚТАЙМЫЗ!

Өкінішке орай, исламның қазақ халқының алдында беделі түсіп барады. Себебі, Қазақстанда дәл осы діни конфессия төңірегінде, дәлірек айтсақ оның атын жамылып түрлі манипуляциялар, заңсыз әрекеттер, адам бостандығын шектеу әрекеттері жасалуда. Әрине, осы діни конфессияның пайғамбары үмбеттеріне адамның ала жібін аттаңдар, бостандығына шектеу қойыңдар деген жоқ. Тек адамдарда өздерінің заңға қайшы, этикаға, қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттерін дәл осы дінмен жабу, сонымен ақтау әрекеті пайда болды. Бұл исламның имиджіне кері әсер етуде. Және оны түзеу діни пәтуа шығаруға өкілетті орган қолынан ғана келеді.

Егер адам жеке өзінің діни парызын орындауды міндетсініп, осындай сылтаумен басқа адамның құқығы мен бостандығын шектесе (ортақ жол пайдалану құқығын, тыныштық құқығын бұзу, киіну, пікір білдіру,өзіндік идентика еркіндігін шектеу), заң және ереже бойынша көрсетілген талаптарды орындамаса, ол адам ислам дінінен автоматты түрде шығарылады деген пәтуа жасалуы керек. Ислам дінінен автоматты түрде шығарылған тұлғалардың электронды реестры жасалып,ол апта сайын жаңарып тұруы керек.

 

Пікір иесі Айбар Олжаев

(Ерік Рахымның фейсбуктегі жазбасына

комментарийінен)

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс