AЛЛА TАҒАЛАҒА ШАҚЫРУДЫҢ МӘРТЕБЕЛЕРІ

AЛЛА TАҒАЛАҒА ШАҚЫРУДЫҢ МӘРТЕБЕЛЕРІ

1360
3 мин
AЛЛА TАҒАЛАҒА ШАҚЫРУДЫҢ МӘРТЕБЕЛЕРІ

   قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: خِيَارُ اُمَّتِى مَنْ دَعَا إِلَى اللهِ وَحَبَّبَ عِبَادَهُ إِلَيْهِ. (كنز)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Үмметімнің ең қайырлылары Aллағa (оның дініне) шақырған және құлдарына (ғибадат пен бойұсынуға ынталандырып) Aлланы сүйдіргендер”. (Кәнз ул-уммал)

Aллаға шақырудың мәртебелері мен мәртебесіне қарай қиыншылық, зорлық пен машақат болатыны айтылған Фуссилат сүресінің 34, 35 және 36-аяттары былай тәпсір етілген:

Көркем мінез бен жамандық бірдей болмайды. Әр жақсылықтың (көркем мінез, ізгі амал) әсері мен мәртебесі әркелкі; сондай-ақ жамандықтың (күнә, жаман мінез) деңгейі де түрлі-түрлі. Mәселен, жамандыққа жамандық пен жақсылыққа жамандық екеуі бірдей болмайтыны секілді, жақсылыққа жақсылық пен жамандыққа жақсылық та бірдей болмайды. Сол үшін де ең ізгі нәрсеге шақыруға қарсы жасалған жамандық, күпір, зорлық-зомбылық жамандық атаулының ең жаманы. 

Сондықтан әмри бил-маруф уә нәхи анил-мүнкәр арқылы Аллаға шақырғанда жамандықтың күшеюіне себеп берілмей ең көркем үлгіде жасау керек. Яғни, әлдебір жамандық жойылғанда –Aллаға шақырудың ең көркемі- салих амал арқылы жүзеге асуға тиіс. Салих амалдың ең көркемі болса, тек кешіру мен сабыр етуден де артығы жамандыққа қарсы жақсылық жасау. Oсылайша өзіңе жауыққан әлдекімнің  мейірімді досқа айналғанын байқамай қаласың. 

Жамандықты жақсылықпен жоюдың ең көркем мінезіне тек сабыр етушілер, сабырды мінезіне айналдырғандар ие болады. Өйткені нәпсіні өшпенділік сезімнен тыю тек шынайы сабыр арқылы мүмкін. Және ондай сабырға рухани күш-қуаттан, тұлғалық ізгіліктен және жоғары дәреже арқылы илаһи нығметтен зор несібе бұйырған бақытты жандар ғана жете алмақ.

Егер бұл уақытта шайтаннан уәсуәсә келер болса, оған ермей, оның жамандығынан дереу Аллаға сыйыну қажет. “Әғузу билләһи минәш-шайтанир-ражим” (Қуылған шайтаннан Аллаға сыйынамын) деп, Aлланың панасын сұрау керек. Сөз жоқ, Aлла Tағала өзінен пана сұрағанды естиді, ниеті мен жай-күйін біледі. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс