АДАЛ ҰЛ (САДЫҚ ПЕРЗЕНТ)

АДАЛ ҰЛ (САДЫҚ ПЕРЗЕНТ)

186
2 мин
АДАЛ ҰЛ (САДЫҚ ПЕРЗЕНТ)

Бір жігіттің анасы дүниеден озады. Сол кезде ауылдағы ескі қорымда орын қалмай, жаңадан ашылған зиратқа жер берілген екен. Марқұм сол жаңа қорымға жерленген алғашқы адам болыпты.

Содан кейін жігіттің мінезі өзгеріп кетеді. Ешкімге тіс жармайды. Күн сайын ақшам намазынан кейін үйден үнсіз шығып кетіп, таңға жуық қана оралатын болыпты. Мұны байқаған ата-анасы, туыстары, тіпті жары да қатты алаңдай бастайды. Бірақ жігіт ешкімге қайда баратынын айтпайды екен.

Осылайша екі ай өтеді. Бір күні ауылда тағы бір адам қайтыс болып, оны да әлгі жаңа зиратқа апарып жерлейді. Жерлеу рәсіміне әлгі жігіт те қатысады.

Қайтар жолда ауыл имамы жігітті оңаша шақырып алып:

— Балам, екі айдан бері түн сайын қайда кетіп жүрсің? Жақындарыңның бәрі уайымдап жүр ғой, — деп сұрайды.

Сонда жігіт көзіне жас алып:

— Анамды осы жаңа зиратқа бірінші болып жерледік. Тірі кезінде анамның бір айтқанын екі етпей, қызметін жасап өстім. “Жаңа қорымда анам түнде жалғыз жатпасын” деп, әр түн сайын қабірінің басында таң атқанша Құран оқып отыратынмын. Енді міне… анама көрші келді. Көңілім сәл де болса тынышталды. Бұдан былай Құранды үйде отырып бағыштасам да болады… — депті.

Анаға деген махаббаттың, перзенттік парыздың бұдан асқан үлгісі бар ма екен?..

Кейде тірі кезінде анамыздың бір ауыз сөзін ауырсынып, қабағына қарауға ерінеміз. Ал ана кеткенде… бір рет “балам” деген дауысын есту үшін бар дүниені беруге дайын боламыз.

Анаң тірі ме?

Онда бүгін құшағына кір.

Қолын сүй.

Жылы сөз айт.

Себебі ертең кеш болуы мүмкін…

-Анасы барлар — бай адам.

        - Анасының қадірін кеш түсінгендер - ең сорлы адам.

 

" Аталар сөзі " парақшасынан

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс