АБЫСЫННЫҢ ТАТУЛЫҒЫ...

АБЫСЫННЫҢ ТАТУЛЫҒЫ...

1414
2 мин
АБЫСЫННЫҢ ТАТУЛЫҒЫ...

Ертеде ағайынды екі жігіт болыпты. Араларынан қыл өтпейтін тату екен. Бір күні үлкенінің әйелі:

– Сендердің қатар жүргендерің біздің арқамыз десе:

– Бізді ешкім де бөле алмайды, – деп ері кеудесін ұрыпты.

– Көрерміз уақтысында, – деп сөз таластырмапты әйелі. Күндердің күнінде қой сойылып, бас-сирағымен ет асылады.

Ет желініп біткен соң, іні мен келін отауына кетеді.

– Не байқадың? – дейді әйел күйеуіне абыржыған кейіп танытып.

– Не байқаушы едім. Тыныштық шығар! – деп ол жалтақтайды.

– Ендеше тыңда. Екі көзіңнің бірі жау деп талай айтқанмын саған. Құлағыңа ілдің бе?

– Жайшылық па, ей?

– Ана келінің сенің, екі алдыңғы сирақты өз балаларына беріп, екі артқы сирақты біздің балаларға сұрланып тұрып, ұстата салды. Өз балалары алда, біздің балалар артта жүрсін деп ырымдағаны ғой оның, – дейді бұлқан-талқан болып.

Ері: «Мұның сөзінің де жаны бар-ау» деп ойлайды іштей.

– Әйеліне шамасы жетпеген әлгі ынжық итті шақыр, көзін ағызып, алдына түсірейін, – дейді ашуланып.

Сонда әйелі ішек-сілесі қата күліп:

– Оу, батыр екесі, бөлінбейтін болат емес пе едің. Басқасын былай қойғанда, бір сөз үшін қан сөліңді қашырдың. Әйел сынына шыдамай сыр алдыратының бар, неге күмпілдедің басында, – депті.

Қапелімде сөз таба алмай ері басын сипап төмен қарапты.

Сүлеймен Мәмет

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс