Бір өте байқуатты қария дүниеден өтіп бара жатып құдайдан:
- Құдай, маған кішкене өмір берші!, - деп жалынып сұрапты. Сонда Құдіреті күшті Алла Тағала əлгі қарияның көзіне көрініп:
- Пендем қанша өмір сұрайсың? - десе, əлгі қарт:
- Ағаштың жапырақтарының санымен тең өмір? - депті, сонда Құдай:
-Адамға берілген өмірдің өзі жетпейді жапырақтың санына, - депті.
- Онда қанша бұтақ бар, соншама, - десе,
- Ол да болмайды, тым көп, - депті Алла Тағала, сонда əлгі қария:
- Қанша өмір бере аласыз?-деп сұраған екен.
- Өмірде қанша ағайының (бауырың, досың) бар, соншама өмір беремін - депті Алла Тағала, сонда қария көзіне жас алып о дүниеге жүріп кетіпті. Өйткені ол өмірін ағайын, бауыр, дос жинаумен емес, дүние жинаумен өткізген екен.
Қымбатты менің ағайыным, бауырым, досым, сендер барда мен бармын. Ешқашан қатарымыз ажырамасын, азаймасын. Алла Тағала ағайын, бауыр, досы жоқтан сақтасын.
Өмір өтер, дүние артта қалар, ал ағайының, бауырың, досың бар болса жаныңнан табылар.
Мен сендей бауырларым болғаны үшін мақтанамын!
Күнде көрiспесек те, көңiлiмiз ақ, ниетіміз түзу. Дүниедегі ең ізгі сезімдердің бірі - бауырларым, ағайындарым - сіздер аман болыңыздар!