ҚҰСТЫҢ НАСИХАТЫ

ҚҰСТЫҢ НАСИХАТЫ

1596
2 мин
ҚҰСТЫҢ НАСИХАТЫ

Торға түсіп қалған кішкентай құс сойып пысырып жемекші болған ашкөз адамға жалынып;

– Менің 100 граммдық етіме сенің қарныңды тойғызбайды да, ем де болмайды. Мені босатсаң саған үш маңызды ақыл кеңес беремін.

Біріншісін қолыңда тұрғанда, екіншісін ағашқа қонғанда, үшіншісін қарсы төбеге ұшып барғанда айтайын.

– Ал, біріншісін айт!

– «Өткен іске өкінбе!»

Құс ағашқа қонған соң:

-«Мүмкін емес, көзіңмен көрмеген нәрсеге сенбе!»

– Үшінші кеңесті айт! Құс қарсы төбеге ұшып жеткен соң:

– Ақымақ екенсің, жұмыршағымда әрқайсысының салмағы елу грамм болатын екі інжу-маржан, алмас тас бар еді. Егер сіз сойып менің ішімді жуып тазалағанда, бұл інжу-маржандардың иесі болар едіңіз.

Бұл сөзді естіген әлгі адам бірден аһ ұрып өкініп басын ұра бастайды.

Сонда былай дейді:

– Алдандым, енді үшіншісін айт!

– Екі ақыл кеңесті дереу ұмыттың. Үшіншісін айтсам да не өзгерер дейсің?

- Айт, мен мұны ұмытпайтын боламын.

–Сонда әлгі құс;

- Біріншіде «Өткен іске өкінбе!»- дедім, мені босатып жібергеніңе қатты өкіндің.

-Еніншде «Мүмкін емес, көзіңмен көрмеген нәрсеге сенбе!»- дедім. Етім мен сүйегім 100 граммға толмайтынын біле тұрып ішімде екі елу грамдық алмас тас бар деп сендіңіз- дейді.

– Үшінші кеңесті айтпайсың ба?

- Ақымақтарға пайдалы ақыл кеңес беру қажет емес.

«Ашкөздік адамды соқыр және саңырау етеді, Бұл шындықты көруге кедергі жасайды» - деп ұшып кете берген екен...

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс