ҚҰДАЙДАН ТІЛЕГЕН СЕГІЗ ТІЛЕК

ҚҰДАЙДАН ТІЛЕГЕН СЕГІЗ ТІЛЕК

1768
1 мин
ҚҰДАЙДАН ТІЛЕГЕН СЕГІЗ ТІЛЕК

Төртеуін"БЕР"деп,

Төртеуін "БЕРМЕ" деп тілеген...

Алтай Жақып қажы деген кісі: «Құдайдан сегіз тілек тілеймін, төртеуін «Бер» деп тілеймін, төртеуін «Берме» деп тілеймін, -деген екен.

«Бер» деп тілейтін төрт тілегім:

-Әуелі Алладан «Саулық бер»,- деп тілеймін.

-Екіншіден; халық ішінде айтқаным қабыл болғандай аузыма әлһам бер,- деймін.

-Үшіншіден; өз сөзіме өзімді фатиқа сүре ахирет ойлап сөйлегендей ақыл бер,- деп сұраймын.

Төртінші; екі дүниеме бірдей себепкер болғандай әйел бер,-деймін !

«Берме» дейтін төрт тілегім:

-Біріншіден; өзін зор тұтқан, ата-ананы қор тұтқан бала берме,- деймін.

-Екіншіден; басқан ізіңді аңдып, пәле салып отыратын туысқан мен көрші берме,- деймін.

Үшіншіден; мехнаты көп, рахаты жоқ дәулет берме,- деймін.

Төртіншіден; өзі білмейтін, айтқанға көнбейтін әйел берме, -деп сұраймын !

Қазақ не деген данышпан, не тапқыр, не ойлы десеңші. Мына сөзге таң қалмасқа болмас.

Райхан МАТАЕВА-ның фб парақшасынан

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс