ҚҰДАЙ ӨМІРІМІЗ АРҚЫЛЫ ТАНЫЛАДЫ...

ҚҰДАЙ ӨМІРІМІЗ АРҚЫЛЫ ТАНЫЛАДЫ...

228
1 мин
ҚҰДАЙ ӨМІРІМІЗ АРҚЫЛЫ ТАНЫЛАДЫ...

1. Адам басына сондай бір уақыт келеді, сол кезде жауып тұрған жаңбыр тамшылары үнін бірге тыңдайтын серік іздей бастайды.

2. Нәзіктік. Ол сені бір көбелек ұшып келіп сипағандай немесе иығыңа отырғандай болады.

3. Жалғыздық та өзінше бір компания секілді.

4. Біреуді жақсы көретін болсаң, сен жәй ғана адам емес, бір жұпар аңқыған зат секілді боласың. Жер бетімен жүрмейсің, оның үстінде қалықтап жүргендей боласың. Міне осы ғашықтық - өмірдегі ең басты мақсат. Сосын сенің әйелге ғана ғашық болуың шарт емес, жұмысқа, бейбітшілікке немесе өмірге ғашықсың ба бәрібір.

5. Мен қардың, жауып тұрғанын Құдайдың ісі деп қараймын... Жаңбыр жауып тұрса да, талдың жапырақтарының сыбдыры да Құдайдың істеп тұрғандары, мұның бәрі керемет, бұның бәрі адам өміріндегі ғажайып сәттер. Сосын егер өлгің келмесе, ол дәл осындай Құдай жаратылысын қимағандығыңнан. Бұл өмірдің спектаклі, Құдай сол өміріміз арқылы танылады.

 

Тонино Гуэрра

аударған Жүрсін Кәрім

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс