«ҚАДІР ТҮНІ» – ОЛ СЕНІҢ ӨЗ ТҮНІҢ

«ҚАДІР ТҮНІ» – ОЛ СЕНІҢ ӨЗ ТҮНІҢ

240
2 мин
«ҚАДІР ТҮНІ» – ОЛ СЕНІҢ ӨЗ ТҮНІҢ

«Қадір түні» – ол сенің өз түнің.

Сондықтан оны біреудің пікірімен, сезімімен немесе болжамымен іздеме.

Егер оны жүрегіңмен сезсең – онда сен оны таптың деген сөз. Сол кезде жаныңды бір жұмсақ самал жел жай ғана сипап өткендей болады. Айналадағылар шулап, қарбаласта жүргенде сенің ішіңде бір тыныштық, бір бейбіт күй орнайды.

Бұл – сенің өз түнің.

Сондықтан біреу көрген белгіге, біреу айтқан әңгімеге бола өзіңді шаршатпа. Біреу көреді, біреу көрмейді – оның бәріне байланып қалудың қажеті жоқ.

Өйткені Қадір түні – ол ең алдымен Аллаға жақындықты сезіну. Сол бір сәтте адам дүниелік нәрселерді, белгілерді, өлшемдерді ұмытып кетеді. Рухани сезімді ешқандай сыртқы өлшеммен өлшеу мүмкін емес.

Алла бұл түннің нақты уақытын жасырды.

Себебі біз түсінуіміз керек: шынайы тыныштық өте кішкентай бір жерде басталады. Ол – сенің жүрегіңде. Егер жүрегіңнен Алланы тапсаң, онда сенің әр күнің де, әр түнің де Қадір түні сияқты болады.

Сондықтан белгілерге, тақ түн бе, жұп түн бе дегенге, астрономиялық есептерге көп бас қатырма. Ең бастысы – жүрегіңді тыңда.

Өйткені сенің ең үлкен қазынаң – жүрегің.

Сол жүрек – сенің тыныштығың, және Аллаға апарар жолың.

Осындай пікірді: Хазіреті Ибну Араби, Абдулқадир Жилани, Ахмад Рифа’и (қ.с.) оданда басқа әулиелер өз кітаптарымен рисалаларында айтады.

 

Bekzhan AZHIMOV

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс