ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, Діни оңалту бөлімінің жауапты маманы Қаюпов Ислам Маратұлы жоспар бойынша Павлодар облысына 15-16-қазан күндері іс сапарымен уағыз насихат айту үшін арнайы келді.
15-қазан Павлодар қаласы имамдарына, Павлодар аудан дін қызметкерлеріне, Екібастұз, Ақсу имамдарына «Уағыз айту әдебі» және діни оңалту жұмыстарын жетілдіру бойынша семинар өткізді.
Келесі кезектерде жоспарланған кестеге сай қалалық «Бижан» мешітінде «Ең үлкен нығмет – ауызбіршілік» тақырыбында, Павлодар қаласында орналасқан 63-түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілерге «Көркем мінездің жемісі» тақырыбында, жұма уағызын «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде «Үміт ізгілікке жетелейді» тақырыбында өткізді.
Сонымен қатар Ислам Маратұлы Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде «Білім алудың маңыздылығы» тақырыбын колледж шәкірттерімен бірлесіп талқылады. Осы сұхбат арқылы дін маманы шәкірттерге білім жолында ізденудің, көркем мінез бен ықыластың маңыздылығын жан-жақты түсіндірді.
Сапар сәтті де берекелі болды.











