КЕЙБІР АДАМДАР НЕГЕ ӨТІРІК АЙТАДЫ?!

КЕЙБІР АДАМДАР НЕГЕ ӨТІРІК АЙТАДЫ?!

3216
2 мин
КЕЙБІР АДАМДАР НЕГЕ ӨТІРІК АЙТАДЫ?!

Мамандар пікірі:

1. Өтірік айтудың үлкен мәні бар деп ойлайды

2. Шынын айтса, тізгінімнен айырыламын деп ойлайды

3. Бір өтірік айтқаннан кейін, өзін тежей алмайды

4. Кейде өтірік айтып тұрғанын өзі де байқамайды

5. Өтіріктің шын болғанын қалайды

6. Өзіне сенімсіз адам

Осы тақырыпты зерттеп, “Өтірікшінің құйрығы бір тұтам” деген сөздің мағынасын тереңінен түсіндім. Расымен өтірікшінің адымы қысқа, ризығы азая береді екен. Өтірік ешқашан өрге баспайды.

Мен бала күнімнен бір бұзықтық жасап қойсам да, қорқып тұрсам да, кез келген жерде шындығымды айта саламын. Марқұм әжем, ата-анам сондай тәрбие берген “Өліп бара жатсаң да, шындығыңды айт. Қадіріңді кетіріп, өтірікке жолама!” деп айтатын. Сол қатаң қағидаларды ұстанып, өмір сүріп келемін деп ойлаймын.

Өтірік айту, психологиялық бір дерт болуы мүмкін деп ойласам, олай емес екен. Ол кәдімгі әдет екен. Яғни, мидың нейрондары өтірік айтуға бейімделіп қалған. Саналы адам, өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келген адам, өзін қолға алып, мінезінің бұл тұсын мойындап, өзгере алады екен. Бұл дегеніміз, барлық проблема баста, ойлау қабілетінде. Яки адам, төмен тербелісті энергияда көп жүреді деген сөз. Сондықтан, өмірінің көп бөлшегін қателікпен, көзбояушылықпен өтізеді екен.

Мінекей, барлық кілт адамның өз қолында деген осы. Қателеспейтін, шалыс баспайтын адам жоқ, бірақ қателікті түсініп, қайталамауға тырысатын адам - санасы оянған адам.

Мен өтірік немесе өсек айтатын адамдарға сондай негативпен қарайтын едім, зерттей келе түсіндім. Біз ешкімді сөгуге құқымыз жоқ, әркім өз бойындағы кемшіліктерді түзетуге тырысуы керек. Бірақ, өтірік айтатын адамға, адами тұрғыда өтірігі маңайындағы адамдардың жүрегін жаралауы мүмкін екенін түсіндіру керек. Санасы болса, ол адам да өз қателігін түсінер.

Солай достар, “жылтырағанның бәрі алтын емес” деген осы болар...

Абай атамның мына өлең шумақтарымен аяқтайын:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз!..

Еркежан ТУРСЫНБАЕВА

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс