Медреседе оқытылатын ілімдер мен дәріс кітаптары
Медреседе оқытылатын ілімдер мен дәріс кітаптары
11.10.2018 11:25
3572
0

Ислам мәдениетінде медресе дәстүрі Пайғамбарымыздың Меккедегі дағуат жылдарында сахаба Арқамның үйін ілім ошағы ретінде қолдануымен бастау алған. Дәрул-Арқам деп аталатын бұл ілім ошағы исламның Меккеде кеңінен таралуында өте маңызды рөл атқарған. Медина кезенінде Пайғамбар мешітінің жанында орналасқан «Суффа» медресесі болса, өзінен кейінгі мұсылман мемлекеттерінде ашыла бастаған медреселердің үлгісі болған. Ислам тарихында қазіргі таңдағы секілді барлық жағынан жетілген медреселердің пайда болуы, уәзір «Низамул-мүлк»-тің демеуімен іске асып, медреселерде шариғи ілімдерге қоса, ислам мәдениетінің тарих сахнасында ерекше орын алуына үлес қосқан зайырлы ілімдер де оқытылған. Біз бұл мақаламызда медреселерде оқытылған шариғи пәндер мен бұл пәндердің кітаптарының атаулары турасында қысқаша шолып өтуді мақсат еттік.

1 – Сарф немесе Тасриф ілімі

Сарф ілімі арабша сөздердің құрылымында орын алған иғләл, идғам және иштиқақ сияқты өзгерістерден сөз ететін бір ілім. Медреселерде сарф ілімі төмендегі кітаптар арқылы оқытылады:

А) Әмсилә. Бұл кітаптың авторы Хазіретті Әли аталса да, негізінде авторы белгісіз. Кітаптың мазмұны қысқа әрі нұсқа және пайдалы бір кітап болып өткен шақ, осы шақ, әмір, нәхи, исм фәғил, исм мафғул сияқты уәзіндердің жіктеулерін қамтиды. Шәкірттер бұл кітаптан етістіктердің және сөздердің жіктелуін үйренеді де жаттайды. Бірнеше рет басылып шыққан бұл кітаптың арабша және түрікше шархтары да бар. Дауд әл-Карсинің (1160/1747), Ақшехерлизаде Али Хайдар Бейдің (1333/1915) шархтарын мысал ретінде келтіруге болады.

Ә) Иззи фит-тасриф. Изеттин Ибрахим әз-Зенджанидың (655/1257) жазған бұл еңбегі Сарф ілімін қысқа әрі нұсқа түрде қамтыған. Кітапта мутағадди, лазым етістіктерінің анықтамасы, өткен шақ, келер шақ, әмір, исм фәғил, исм мафғул қалыптарының жасалуы, Ақсамус-сабға, яғни салим, мудағаф, мисәл, ажуәф, нақыс, ләфиф, мәһмуз етістіктерін, исм заман, исм мәкәннің жасалулары көрсетіледі. Медреселерде көп қолданыста болған бұл кітапты шәкірттер жаттап алатын. Бұл еңбектің де бірнеше шархы бар.

         Медреселерде бұл 2 кітаптан басқа да сарф ілімі кітаптары болған: китәбу бинәил-әфғал, китәбул-мақсут фит-тәсриф, мирахул-әруах, тәсрифил-иззи, әш-шафия фил-ғилми тәсриф.

2 – Нәху ілімі

         Нәху ілімі арабша сөздердің иғраб, мәбнилік және басқа жақтарын зерттейді. Медреселерде шәкірттерге нәху ілімі төмендегі кітаптар арқылы оқытылады:

А) Әл-Әуәмил. Әбдулқахир әл-Джурджәнидің (471/1087) жазған бұл еңбегі нәху ілімінің мазмұнын, лафзи және мағынауи жүз амилді қамтыған. Бұл кітаптың да бірнеше шархы болып шәкірттер кітаптың негізгі мәтінін жаттайтын.

Ә) Қауғидул-Иғраб. Жемаледдин Абдулла бин Юсуф әл-Әнсари (761/1359) тарапынан жазылған бұл еңбек 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде сөйлемдердің анықтамасы және үкімдері, екінші бөлімде жер және мәжрур, үшінші бөлімде муғрибтың білуі тиіс болған 24 сөз, төртінші бөлімде таңдаулы толық мағыналар қамтыған кейбір сөйлемдерден тұрады. Бұл еңбек Али Фуде Ниль Тарапынан тахқиқ етілген.

Б) Муғнил-лебиб ан кутубил-еғариб. Ибн Хишам әл-Әнсари (761/1359) тарапынан Меккеде жазылған. 8 бөлімнен құралған бұл кітап кейбір зарфтардың анықтамасы, иғраб жағдайы, иғрабта орны болған сөйлемдер, иғрабта орны болмаған сөйлемдер секілді тақырыптарды қолға алған. Бұл еңбек автордың тірі кезінде нәху ілімінің негізгі кітапбы ретінде қабылданып, өмірден өткен соң да барлық медреселерде дәріс кітабы болып оқытылған. Бірнеше рет басылған бұл кітаптың көптеген шархтары және хашиялары бар.

В) Қатрун-нәдә уә бәллус-садә. Бұл еңбек те ибн Хишам әл-Әнсари тарапынан жазылып, кейбір медреселерде дәріс кітабы ретінде оқытылған.

Әл-муғни фин-нәху, изхару әсрар фин-нәху, әл-кәфия және әлфияту фин-нәху кітаптары да медреседе нәху саласында оқытылған кітаптарға жатады.

 

3 – Мантық ілімі

         Белгілі бір ережелерден құралған мантық ілімі, адам санасының ойлау құралы болған тасаур және тастиқат тақырыптарын зерттейді. Медресе ұстаздары мантық ілімінде төмендегі кітаптарды оқытқан:

         А) Мухтасарул-Исагужи. Есеруддин әл-Әбхаридың жазған бұл еңбегінде мантық ілімінің негізгі қағидалары қолға алынған. Исагужи деп аталуы мижәз мурселге жатады, яғни сөздің бір бөлігімен сөйлемді толық қамтуды мақсат етеді. Бұл еңбектің тақырыптары мантың ілімінің 10/1 бөлігін қамтиды. Бұл еңбектің бастапқы және соңғы кезеңдерде өмір сүрген ғалымдар тарапынан жазылған көптеген шархтары және хашиелері бар. П. Томас Новариянсис тарапынан латыншаға аударылған. Алғашқы рет 1625 жылы Римде латынша аудармасымен бірге басылып шыққан.

         Ә) Муғнитулләб шарх Исагужи Манисалық Махмуд бин Хасан әр-Руми (1222/1807) тарапынан жазылған бұл шарх ғұламалар арасында атақты болып шархтың барлығы медреселерде оқытылған.

         Әл-фәнәри шәрхул-Исагужи, Хашияту Құлахмед, шәрх Шамсия кітаптары да мантық саласында оқытылған кітаптарға жатады.

4 – Мұназара ілімі

         Мұназара ілімі сөз таластырған екі кісі арасындағы диалог және сөз таластырудың методикасында сөз ететін ілім. Тақырыбы дәлеледер болып, яғни қарсыласын сендіру үшін келтірген дәлеледерден тұрады. Медреселерде мұназара ілімі бойынша төмендегі кітап оқытылатын еді:

         А) Әр-Рисәләтул-Уәләдия. Сачаклызаде лақап атымен танылған Мараштық Мухаммед бин Әбу Бәкір (1145/1732) тарапынан жазылған. Автор еңбегін баласына және басқалар үшін Мұназзара методикасын үйрету мақсатымен жазғанын айтып кеткен. Абдул-Уаххаб бин Хусейн әл-Амиди бұл еңбекті шарх еткен.

5 – Бәләғат ілімі

Бәләғат ілімі мәғани, баян және бәдии ілімдері болып 3 бөлімнен тұрады. Бәләғат арабша сөйлемдерді көркемсөз өнері тұрғысынан зерттейтін ілім. Медреселерде шәкірттер бәләғат ілімінен төмендегі кітаптарды оқитын:

         А) Рисәләтул-Фәридә фил-Истиғалә уәл-Мәджәз. Мәуләнә Әбул-Қасым Насыр бин Мухаммед әл-Ләйси әс-Самарқандидың (373/987) жазған бұл еңбегінің мәтіні өте қысқа болуымен қатар ауқымды мағыналарды қамтитын өте құнды еңбек. Автор бұл еңбегін истиғаре, мағына, қарине, меджахдың түрлерін теңдесі жоқ інжу секілді баяндаған. Бұл еңбектің көптеген шарх және хашиялары бар. Исамуддин Ибрахим бин Мухаммед бин Арабшах әл-Исфирайни әс-Самарқандидың (945/1528) «Шарх алә рисаләтул-фарида» шархы ең танымал шархтарының бірі болып есептеледі.

         Ә) Мухтасарул-Мағани шарху тәлхисул-мифтах. Бұл еңбек Сағадетдин Тафтазанидың «Димашқ Хатыби» лақап атымен танымал болған Джалелетдин Мухаммед бин Абдуррахман әл-Қазвени әш-Шәфиидің (739/1338) «Тәлхисул-Мифтах фил-мағани уәл бәйән уәл-бәдия» еңбегіне жазған шархы. Сағадетдин Тафтазани 756 жылы «Тәлхистағы» мағынасы толық баяндалмаған сөздерді, сөйлемдерді баяндау мақсатымен шарх еткен. Медреселерде мудәрристердің дәріс кітабы ретінде қолданған. Бұл еңбекті «Алты пармақ» деп танымал болған Мухаммед бин Мухаммед (1023) түрікшеге аударған және бұл аудармаға «ән-Нәфғул-муәууәл» есімін берген.

6 – Ақида ілімі

         Иман негіздерін қолға алған ақида ілімі медреселерде оқытылатын пәндердің ең мағыздысы болып келеді. Сол себептен медресе шәкірттеріне арналып көптеген ақида кітаптары жазылған:

         А) Ақаидун-нәсәфи. Умар ән-Нәсәфидің (537/1142) жазған бұл еңбегінің көптеген шарх және хашиялары бар. Бұл еңбекті шарх еткендердің бірі болған Сағадетдин Тафтазани бұл еңбек жайлы былай деген: «әл-ақаид атты бұл еңбек өте қысқа болып бірнеше бөлімнен тұрса да, өте пайдалы мағлұматтарды қамтыған. Бұл мағлұматтар діннің негізгі ережелері мен сенімдерінен құралған. Бір оңды жағы мазмұны таңдаулы түрде құрастырылған». Медреселерде ақида саласында «ақаидул-иман», «шарху ақаидун-нәсәфи», «хашияту кәстәлли алә шархи ақаид» еңбектері де дәріс кітабы ретінде оқытылған.

7 – Усуль-фиқһ

Мужтахидтың шариғи, амали үкімдерді тафсили дәлелдерден шығаруына жарайтын қағидалар жалпыламасы Усуль-фиқһ ілімі деп аталады. Медреселерде усуль жайында көбінесе төмендегі 2 кітап оқытылған.

А) Минхажул-вусуль илә ғилмил-усуль. Муфассир, кәләм ғалымы болған Насыруддин Абдулла бин Умар әл-Бәйдауи (685/1286) тарапынан жазылған бұл еңбек өте қысқа болғанымен қатар өте пайдалы мағлұматтарды қамтыған танымал бір кітап. Кіріспе және 7 бөлімнен құралған бұл еңбек Шәфии мазхабы бойынша жазылғанымен, Ханафи ғұламалары да пайдаланған.

Ә) Жәмғул-Жәуәмиғ фи усулил-фиқһ. Таджутдин Әбу Насыр Әбдул-Уаххаб бин Әли әс-Субки (771/1330) тарапынан жазылған бұл еңбектің ең танымал шархтарының бірі Джалалетдин Махаллидың (863/1458) жазған шархы.

8 – Фиқһ ілімі

         Фиқһ ілімі ғибадат, муамаләт, уқубәт, мунәкәхат мәселелерін тереңінен зерттейтін ілім. Медреселерде Ханафи мәзхабы бойынша төмендегі фиқһ мәтіндері оқытылатын:

         А) Мухтасарул-Қудури. Бұл еңбекті Әбул-Хусейн Ахмед бин Мухаммед бин Ахмед бин Жағфар бин Хәмдән әл-Бағдади (428/1037) жазған. Ханафи мәзхабында бұл еңбек «әл-Китаб» атауымен танылған. Бұл еңбек өте сенімді бір мәтін болып үлкен фиқһ ғұламалары арасында кеңінен таралған. Кейбір ғұламалар қиыншылық, ашаршылық және оба ауруы таралған кезеңдерде бұл еңбекті оқып Алла Тағаладан жәрдем сұраған. Ханафи фақиһтері бұл еңбектің шархталуын маңызды деп санағандары үшін заманымызға дейін көптеген шархтар жеткен.

         Ә) Китәбул-фиқһи алә мәзәхибил арбаға. Абдуррахман бин Мухаммед Авз әл-Джәзиридың (1336/1941) тарапынан жазылған бұл еңбек 4 мазхаб бойынша әзірленген. Мехмет Зинди Эфендінің «Ниғмәтул-Исләм» еңбегі де ханафилер тарапынан қолдау тапқан болып, медреселерде оқытылған.

9 – Тәпсір ілімі

         Адам қабілеті және араб тілінің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып Құран мәтінінің қамтыған мағыналарын баяндалуы тәпсір ілімі деп аталады. Медреселерде төмендегі тәпсір кітаптары оқытылатын:

         А) Тафсирул-Джаләләйн.   Джаләлетдин әс-Суюти (911/1505) және Джаләлетдин әл-Мәхалли (864/1459) тарапынан жазылған. Құранның сөздік мағыналарын тәфсірлеген бұл тәпсір медреселердің ибтидә-и (бастапқы) кезеңде оқытылатын. Сауи және Джемел атты екі танымал хашиясы бар.

         Ә) Әнуарут-Тәнзил фи әсрари тауил. Насыретдин Әбу Сағыд Абдулла бин Омар әл-Қазы әл-Байдауи (685/1286) тарапынан жазылған бұл тәпсір дираят тәпсірлерінің ең танымалы. Автор Замахшариның «Кешшаф» тәпсірінен иғраб және бәләғатқа байланысты мағлұматтарды әр-Разиның «Тәфсирул-Кәбир»-інен хикмет және кәләмға қатысты көзқарастарды Рағыб әл-Исфаханидың «әл-Муфрадат» тәпсірінен иштиқақ және мағыналары жабық болған сөйлемдер жайлы түсіндірмелерді тәпсіріне қосқан.

10 – Усуль тәпсір ілімі

         Усуль-тәпсір ілімі тәпсір ілімдерін зерттейтін ілім саласы.

         А) әл-Итқан фи улумил-Құран. Джәлелетдин әс-Суютидің (911/1515) жазған бұл еңбегі тәпсір ілімінен 80 түрлі тақырыпты қамтыған. Мұстафа Диб әл-Бұға тарапынан тахқиқ етілген. Сақып Юлдыз және Хусейн Авничелик тарапынан да түрікшеге аударылған.

11 – Хадис ілімі

         Хазіретті Пайғамбардың сөз, іс-қимыл және құптағандарын қамтитын ілім саласын хадис ілімі деп атаймыз.

         А) Әрбағин. Яхья бин Шериф ән-Нәуәуи (676/1277) тарапынан жазылған бұл қысқа мәтіннің көптеген шарх және хашиялары бар. Өте танымал болған бұл еңбек хадис ғұламалары тарапынан кеңінен қолданылған. Бұл еңбек ағылшынша және түрікшеге бірнеше рет аударылған.

         Ә) Риядус-Салихин. Яхья бин Шериф ән-Нәуәуи (676/1277) тарапынан жазылған. Хижри 670 жылы аяқталған бұл еңбекте атақты хадис кітаптарынан көптеген сахих хадистер жинақталған.

12 - Усуль хадис ілімі

         Усуль хадис ілімі хадистің сахих болуы немесе үкім етуі. Риуаят етуші риуаят етілген хадис түрлерінің зерттейтін ілім саласы.

         А) Әт-Тәқриб уәт-тәйсир ли мағрифати сунәнин бәшир уән-нәзир. Яхья бин Шериф ән-Нәуәуи (676/1277) ибн Салахтың «Улумул-Хадис» атты кітабынан қысқартылған «әл-Иршат» атты кітабын ықшамдап жазған. Хадис усулі ілімінің негізгі тақырыптарын қамтыған бұл еңбектің көптеген шархы бар. Бұл шархтардың бірі Джәлелетдин әс-Суютидің «әт-Тәдрибу рауи фи шархи тақлибин ән-Нәуәуи» атты шархы.

         Ә) Нузхатун-назар шарху нухбәтән әл-фикар фи мусталахил ахлил-әсәр. Ибн Хәджәр әл-Әсқаләнидің (852/1449) жазған бұл еңбегі автордың өз еңбегі болған «Нұхбатул-Фикәр» кітабының шархы болып келеді. Бұл кітапта хадис усулі ілімінің жалпылай тақырыптары ықшамдалған.

         Медреселерде бұл 12 сабақтан тыс «Лұғат» және «Уазғ» ілімдері де оқытылған.

 

Әзірлеген: Султанбаев Султан,

Павлодар «Әбу Бәкір Сыддық»

 медрсесінің 2 курс шәкірті

0 пікір