Сахабалардан сыр сыңғыры-22
Сахабалардан сыр сыңғыры-22
07.08.2018 11:42
1773
0

Муғаз ибни Әнәс рһ

Муғаз ибни Әнәс әл-Жухани Аллаһ ол кісіден разы болсын Мәдиналық сахабалардан еді. Пайғамбарымыздан отыз шамасында хадис жеткізген. Әбу Дәрда рһ сынды саңлақ сахабалардан хадис нақыл еткен. Жеткізген хадистері Ахмед ибни Ханбәлдің Муснәдінде (III, 437, IV, 234) және төрт үлкен Сүнәнда орын тепкен.

Мысыр да өмір сүрген Муғаз рһ, Абдулмәлик бин Мәруанның халифалық тұсында қайтыс болған.

Аллаһ ол кісіден разы болғай!  

(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 266)

Аударған:

Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни

0 пікір