ОЛ АШУЫН КҮНӘЛАР АРАСЫНДА ЖАСЫРҒАН
ОЛ АШУЫН КҮНӘЛАР АРАСЫНДА ЖАСЫРҒАН
26.10.2020 09:11
952
0

Әулиелерден бір кісі балшық және тайғанақ жолда кетіп бара жатқанында лайға түсіп кетпеу үшін абайлап жүреді. Бұған қарамастан аяғы тайып, балшыққа құлайды да, үсті-басы лай болады. Одан кейін еш мән берместен, қалыпты түрде жүре бастайды. Кейін жылап: «Міне, күнәға түсуден бұрын күнәдан сақтанып жүрген адамның жағдайы осы. Бір-екі рет күнәға түскеннен кейін сол күнәларды істеуден тартынбайтын болып қалады. Мұның көрсетіп тұрғаны, бір күнә басқа бір күнәні тартады» дейді.

Күнәға тосқауыл қойылмаса, бәрі зиянын көруі мүмкін. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Фухуш (күнә, ұятсыздық) жайылғанда зізала және фитна көбейеді» (Дәйләми). «Аллаға қарсы шығу көбейгенде жақсы-жаман бәрі жалпылама азапқа душар болады. Кейін жақсылар Алла Тағаланың разылығына қауышады» (Табарани).

Қаншалықты күпірден басқа үлкен күнә істейтіндерге кәпір демеу керек болса да, күнәларды жалғастырған адамның уақыт өте жүрегі қараяды, харамдарды істегенде қынжылмайтын болады, иманы да әлсіреп, бір күні толығымен сөнуі мүмкін. Күнәлардың кішісінен де, үлкенінен де қатты сақтану керек.

Алла Тағаланың ақысы араласқан күнәларға тәубе ету керек, өкініп, қайғыру керек. Күнәні тоқтатып, өтемі ретінде көп сауап істеу керек. Хадис шәрифте былай делінеді: «Күнә істеген кезіңде өтемі ретінде күнәні жоятын сауап істе!» (И.Ғазали). Құл ақысының кафараты (өтемі) үшін ақы иесі қайтыс болса, ол кісіні мейіріммен еске алу керек, бала-шағасына және мирасқорларына сый-сияпат көрсету керек. Күнәларына үздіксіз истиғфар етіп тұру керек. Хадис шәрифте былай делінеді: «Алла Тағала тұрақты түрде истиғфар ететін адамды барлыққиындықтардан құтқарады, қиыншылықтарының шешімін береді және күтпеген жерден ризықтандырады» (Нәсаи). «Алла Тағала былай деді: "Ей, құлдарым, қорғағандарымнан басқа, бәрің күнәһарсыңдар. Күнәларыңа истиғфар етсеңдер, сендерді кешіремін. Кім өзін кешіре алатынымды білсе, соның күнәларын кешіремін"» (Тирмизи). «Бір адам "Раббым, сені нұқсан сипаттардан пәк қыламын. Нәпсіме зұлымдық жасадым. Жаман амалдар істедім. Сенен басқа күнәмді кешіретін ешкім жоқ. Сен мені кешір!" десе, құмырсқалардың санындай күнәсі болса да, Алла Тағала кешіреді» (Бәйһақи).

 

 

0 пікір