Таңертең ұйықтап қалмау үшін не істеу керек?
Таңертең ұйықтап қалмау үшін не істеу керек?
08.06.2015 15:05
16926
0

          Таңғы уақытта жылдам, жеңіл әрі еркін ояну қазіргі таңда көптеген адамдардың аса мән бермесе де мәселесіне айналып отыр. Таң намазын өткізіп алмау үшін, сабаққа немесе жұмысқа кешігіп қалмау үшін не істеу керек?

  1. Мәселенің түйіні – қатты шаршау мен ұйқының қанбауында. Күндегіден ертерек жатуға тырысыңыз. Уақытыңызды  теледидардағы бағдарлама, сериалдарға, әлеуметтік желілерде өткізуге емес, ұйқыңызды толық қандырып, демалуға арнаңыз;
  2. Ұйқы режимін сақтаңыз, тіпті демалыс күндері де;
  3. Ұйықтар алдында тойып тамақтанбауға тырысыңыз, себебі ол ерте оянуға кедергі келтіріп, денсаулығыңызға да зиянын тигізеді;
  4. Бір мақсатпен (ертеңгі күнгі жоспарларыңызды ойлап) ұйықтаңыз
  5. Таңғы намаздан кейін қайта ұйқыға жатпаңыз, өзіңізге пайдалы кітаптарды оқыңыз немесе сүйікті ісіңізбен айналысыңыз;
  6. Зерттеу бойынша, таңғы және кешкі жаттығулар адам денсаулығына өте пайдалы, сондықтан күнделікті жаттығулар жасап тұрыңыз;
  7. Ұйықтар кезде барлық жағымсыз ойлардан арылып, әр күнді сыйлаған Аллаға шүкіршілік етіп, дұға жасауды ұмытпаңыз.

       Тағы бір айта кететін жәйт, оятқыш сағатыңызды (будильник) өзіңізден алысырақ жерге қойыңыз, ол таңертең сағатты қайта өшіріп ұйықтап қалмауыңызға көмектеседі.

 

 Ұқсас материалдар

 

 

 

0 пікір