Миғраж түні
Миғраж түні
14.05.2015 13:04
15800
0

Исра мен Миғраж деген не? 

       «Исра» сөзі мағыналық жағынан «түнделетіп жол жүру» дегенді білдіреді. Діни термин бойынша, Алла тағала сүйікті құлын (с.ғ.с.) түннің бір мезгілінде Меккедегі «Харам» мешітінен Құдыстағы «Ақса» мешітіне көзді ашып-жұмғанша апарып, қайта алып келуі.

       «Миғраж» деген – жоғарыға көтерілетін саты. Ал дініміз тұрғысынан Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) түнің бір уақытында Ақса мешітінен «Сидратул- Мүнтәһаға» барып, Жарaтушы иемен арнайы тілдесіп қайтуын айтамыз.

 Миғраж түні

        «Миғраж» сөзі «түнгі серуен» деген мағынаны білдіреді. Миғраж  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға көшпестен бір жарым жыл (621 ж.  ) бұрын болған. Режеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні Алла елшісі (с.ғ.с.)  түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, Ұлы Жаратушымен қауышып, тілдескен.

       Осы түнде періште Жәбірейіл (ғ.с.) пайғам­барымызға (с.ғ.с.): «Ей, Мұхаммед,    Алла тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырып жатыр», – дейді. Осыдан кейін Жәбірейіл (ғ.с.) Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне бір сәтте алып келеді. Бұл туралы Алла тағала қасиетті Құранда:

«Алла – пәк. Мұғжизаларымызды көрсету үшін (Алла тағала) бір түні Өз пендесін (Мұхаммедті) әл-Харам мешітінен төңірегі тұнған береке – байлық – әл-Ақса мешітіне алып келді. Шынында, Ол (Алла тағала) естуші әрі көруші», – деді («Исра» сүресі, 1-аят).

       Бұл мұғжиза (ғажайып оқиға) Құранмен де, сахих хадистермен де дәлелденген. Осы бір құтты оқиғадан кейін Алла расулы көргендерін жұртқа жеткізді. Арам ниетті Мекке мүшріктері, әрине, бұған сенбеді. Олардың сенуі де мүмкін емес еді, өйткені бұл оқиғаға ғайыпқа иман келтірген мұсылмандар ғана сенеді.

       Мұғжиза – Алланың құдіретімен жүзеге асатын, адам­дар­дан тек пайғамбарларға ғана тән, таң­ға­жайып құбылыс. Алла тағала жеті пайғамбарды миғражбен сыйлаған. Олар: Адам, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Жүніс, Иса және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлар. Әрқайсысының миғражы әртүрлі болған. Соның ішінде біздің пайғам­бары­мыз хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) миғражы ерек­ше өткен. Жүрегінде иман нұры орныққан әрбір адам Алланың мұғжизаларына шүбәсіз сенеді.

       Онда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла тағаламен тілдесіп басынан бейне уахи, бейне сыр, бейне нұрлы шағылысты кешіріп, мұсылмандарға бес уақыт намаз парыз етілген. Ақиретте жәннаттық пен тозақтықтардың сипаттары, хақсыздықпен біреуді тілдеген, жала жапқан, адамдарды шағыстырған, арандатқан, өтірікші, екіжүзділердің нендей жазаға тартылатындары көрсетілген.

 

 

0 пікір