ПАВЛОДАРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ПАВЛОДАРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
28.10.2020 16:28
729
0

Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы  «Мәшһүр Жүсіп» мешітімен бірлесіп «Деструктивті діни ағымдардың жолын қуушыларды оңалтудың өзекті мәселелері» тақырыбында   халықаралық теологиялық семинар өткізді.

Бұл семинардың негізгі мақсаты теологтар және ЖАНТ, РАНТ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жат ағым жолындағыларға тікелей немесе жанама әсер ету арқылы ғаламтор желісінде қарсы насихат жұмысының мүмкіндіктерін пайдалана білу тәсіл –тәжірибелерді  ортаға салу болды.

Семинарға  мұсылман дін өкілдері, практиктер, сарапшылар қауымдастығы, ДІБ және КММ мамандары және өңірдегі ЖАНТ, РАНТ мүшелері қатысты.

Семинар ZOOM онлайн-платформасында жүргізілді.

Павлодар облысының бас имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлының модераторлығымен жүргізілген бұл семинарда Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Зәкәриянов Дәулет «ҚР дін саласындағы заңнамасының жаңартылуы», «Екібастұз» қалалық мешітінің бас имамы, сарапшы Отарбаев Бауыржан «Атаулы жұмыс өткізу кезінде мадхалиттармен жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі. Ал Медина Ислам университетінің түлегі Терновой Дмитрий «Мадхалиттер. Қалыптасуы мен ерекшеліктері», ҚМДБ теологиялық оңалту бөлімінің меңгерушісі Алшынбаев Қанат «Салафит ағынындағы матхалиттік бағыт.Мадхалиттермен өткізілетін жұмыстың әдістері» тақырыптарда дәріс оқып,   қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинар бүкіл қазақстандық қоғамға тән құндылықтар мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыруға бағытталған тезистерді жеткізіп,  жат ағым жолын қуушыларды оңалту және бейімдеу үшін әлеуметтік, психологиялық және психотерапиялық оңалтудың кешенді шаралары туралы өзекті пікірлермен  қорытындыланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір