ПАВЛОДАР: «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА!» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА
ПАВЛОДАР: «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА!» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА
26.10.2020 16:12
620
0

Алдағы болжаусыз короновирус тұмауының  алдын алу мақсатында Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің  ұйымдастыруы арқылы туысқан Түркия мемлекетінен келген 8 дана жасанды демалдыру консентраторы және 80 дана қысым өлшейтін құрылғылар  облысымыздың  ауруханаларына жеткізілді.

«Елімізде жаз маусымында өткен ауыр пандемия кезінде ҚМДБ-ның «Зекет»  қорының  бастамасымен «Өмірге үміт сыйла!» науқаны аясында облыс мешіттерінің жамағаты, кәсіпкерлер, ұйым-мекемелердің қолдауымен 3,0 млн-ға жуық қаражат жиналды. Әсіресе, сол кезде Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеттің тізгінін ұстаған Алтынбек Нұқұлы ағамыз ерекше қолдау көрсеткен еді. Осы қаражатты ақылдаса келе Түркия мемлекетіне аударып, бүгін міне Түркиядан кедендік рәсімдеу, жеткізу шығындары, әртүрлі сараптамалардан  өткізу  арқылы облысымызға 8 дана  жасанды демалдыратын консентратор (ИВЛ), 80 дана аксометр атты аппарат жеткізілді. Аппаратураларды Екібастұз, Ақсу қалалары және облыс орталығындағы емханалар, кейбір аудан ауруханаларына «Зекет» қорының өкілдері сұраныс бойынша жеткізіп береді.  Бұл біздің облыстық мешіттер жамағаты және ҚМДБ «Зекет» қорының халқымызға ұсынып жатқан әртүрлі қайырымдылық көмектерінің бір парасы болмақ»,-дейді Павлодар облысының бас имамы Бертымұратов Жолдас  Қоспақұлы.

 

0 пікір